Жаңалықтар

Қырғызстан премьер-министрі: президент кетуі тиіс!

   width= Қырғызстан Жоғарғы Кенеші заңды түрде бекіткен премьер-министр Садыр Жапаров Бішкекте алғашқы ресми пресс-конференциясын өткізді. Ол пресс-конференцияда президентке қатысты ойын айтты.

«Бүгін мен президентпен кездесуге ниеттімін. Халық оның кеткенін қалайды. Менің ойымша біз бастапқыда жасалған келісімге оралып, тынышталған сәтте президент Сооронбай Жиенбеков кетуі тиіс деп санаймын. Бүгін кешке дейін мен президентпен кездесуді ұйымдастырмақпын. Ол экс-президент статусын сақтап қалады»,— деді премьер.

Қырғызстан заңына сай, егер президент тақтан кетсе, онда уақытша оның міндетін Парламент төрағасы атқарады. Бұл қызметте кешеден бері Қанат Исаев отыр.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ