Жорамал. Жұлдыздар сөйлейді. Ертең сізді не күтіп тұр?

Жорамал. Жұлдыздар сөйлейді. Ертең сізді не күтіп тұр?

ашық дереккөзі

 width= Махаббатқа арналған жұлдыз жорамал. Ертеңгі күні махаббат туралы жұлдыз жорамалыңыз не дейді? Newsroom+Ақпарат агенттігі 15 қазанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады. Тоқты Сізге біреу ғашық болып жүр. Өзіңізді ұстауыңызбен, сұлулығыңыздың арқасында өзгелерді баурап алатын қасиетіңіз бар. Торпақ Торпақтар өте сабырлы болады. Олардың мінезі тұрақты. Егер сіз оларды ренжітсеңіз, сізді кешіреді. Екінші, үшінші рет ренжітсеңіз де солай болады. Ал одан кейін жақсылық күтпеңіз. Шыдамның да шегі болады емес пе?! Егіздер Сіздерді көмегіңіз керек кезде ғана іздейтін адамдарды естен шығару керек. Олар пайдалануды ғана біледі. Сондайлар шамыңызға тиіп жүр ме?! Шаян Қандай істі жасағанда бақытты боласыз? Соны жасаңыз. Сіздің жүзіңізде күлкі ұялата алатын адаммен бірге болыңыз. Өмірді бір рет сүресіз емес пе?! Сол себепті күліп жүріңіз. Өткен шақ туралы ойлауды қойыңыз. Өзгелердің пікіріне тәуелді болып та қажет емес. «Кейін» деген сөзді ойыңызға мүлдем алмаңыз. Сол «кейін» деген уақыт болмай қалса қайтесіз?! Арыстан Сіздерге өмірден көп нәрсе керек те емес. Арыстандарға сүйіп жүрген адамының өзін жақсы көргені ғана керек. Олар үшін махаббат деген бүкіл өмірмен тең. Бикеш Бикештерге қарапайым адамдар ұнайды. Себебі олар сөйлескенде ыңғайлы, жасандылық дегенді білмейді, айналасына шынайы бейнесін көрсетіп жүреді. Ондай адамдар бикештерге жағымды көңіл-күй сыйлай алады. Таразы Таразылар біреуге қайтып келші деп жалынбайды. Әрине, олар сағынады, оларға ғашығы жетпей тұруы мүмкін. Алайда таразылар өздерінің ақылына жүгінеді. Сарышаян Сарышаяндар дәл қазіргі уақытта сағын сындырмауы керек. Кез келген жағдайда мықты болғаныңыз дұрыс. Қиын күндер артта қалады. Уақыт өтпей бәрі реттеледі. Уайымдамаңыз. Мерген Мергендерді ешкіммен алмастыра алмайсыз. Ешкіммен және ешқашан. Біліп жүріңіз! Тауешкі Сіздер үшін бүгін өмірдің жақсы жағы есігін айқара ашады. Тіпті, өміріңіз түбегейлі өзгереді деп айтуға болады. Сәттілік серігіңіз болмақ. Суқұйғыш Жақында сіздің өміріңізде бүкіл қиындықтарыңызды шешіп беретін адам пайда болады. Күтіңіз! Балықтар Сіздер бұрын достық пен қарым-қатынасты сақтау керек деп ойлайтын едіңіздер. Ал қазір сыртқы атмосферадан өзіңізді сақтау керек екеніңізді түсіндіңіз. Оларға екіжүзді адамдар, сізді сыртыңыздан жамандайтын адамдар жатады. Оданда жаныңызда жалғыз адам болса да, сізді бағалайтын адамның болғаны жақсы.

Жүктелуде...