Алматы облысында үш жігіт шахтада қайтыс болды

24 Наурыз, 2019 593 0

NewsROOM+. Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды. Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді. Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев.

Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.

Тегтер: шахта, алматы, текелі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.