Елбасының елеулі істері ел есінде – кәсіпкер

23 Наурыз, 2019 428 0

Елбасы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы саяси шешімі үздіксіз алға айналған тарих доңғалағының беттеріне алтын әріптермен қашалып жазылғанына сенімім мол. Елбасымен бірге кәсіпкер ретінде Әлемнің жеті елінде бірге болып, бизнестің қыр-сырын көрген менде де арман жоқ шығар, сірә?

Еліміз Тәуелсіздігін енді алып, етек-жеңін жинай бастаған мен жиырманың бесеуіне енді толған жігіт едім. Сол кезде ел ағасы Нұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін қолына алып, қиын да қыстау жылдары сан түрлі соқпақтан жол тауып шықты. Қазақстанды жаһан таныды, Халықаралық қауымдастық мойындады. Сондықтан да, осындай тарихи сәттерге куә болған біздерде арман жоқ қой деп ойлаймын.

Биліктің тізгінін өз еркімен Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев мырзаға тапсырған Елбасының бұл саяси шешімі күллі Әлем мен көршілерімізге үлгі болса игі. Себебі, күнделікті жаңалықтардан оқығанымыздай, билік алмасуы кезеңіндегі өтпелі кезеңнен қаншама ел зардап шегіп, көршілес елдер мигранттар мәселесіне күнбе-күн кезігуде. Бұл да болса, Елбасымыздың бейбітсүйгіш саясатының бір көрінісі болса керек?!

Елбасының елге деген әр ісі ел есінде. Дегенмен де, мені қуантатыны Елбасының ендігі уақытта да еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысатындығы. Әйтпесем, мемлекеттің негізін қалаған көреген көсем, бүкіл ұлттың әкесіне айналған Елбасыдай елге еңбегі сіңген адам жоқ шығар?

 

 

Оралбек БОТБАЙ,

«Құрмет» орденінің кавалері,

филантроп

Тегтер: елбасы, қазақстан, назарбаев, нұрсұлтан, президент

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.