Астана атын ауыстыру – саяси дұрыс шешім

22 Наурыз, 2019 368 0

 «Амангелді» агроөнеркәсіптік корпорациясы алма, жүзім өсіріп, Қазақстан халқын сапалы, отандық жеміс-жидекпен қамтамасыз ету жолында еңбек етеді. 

Кәсіпорынның саясаттан тыс, жер еміп, табиғат-Ананың құшағында тынымсыз тірлік етуі – елімізде бейбітшілікті сақтап, біз секілді ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін қарапайым тұрғындарға барлық жағдай жасаған Елбасыны арқасы. Түрлі субсидияларды беру арқылы мыңдаған кәсіпкердің аяғынан нық тұруына, бизнесін өркендетуге мұрындық болған, ауыл шаруашылығы саласына басымдық беріп, үнемі қолдау білдіріп отыратын Н. Назарбаевтың Қазақстан үшін атқарған істері ұшан-теңіз. Елбасының ерен еңбегін бағалап, елордасына «Нұр-Астана» атауын беруді  ұсынған екінші президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы  дұрыс деп ойлаймыз.  Осы орайда 250 жұмысшы қызмет ететін «Амангелді» ЖШС ұжымы да Астана атауын ауыстыруға қолдау білдіреді. Әлемнің түкпір-түкпірінен  шетелдік қонақтар мен беделді саяси тұлғалар келетінін ескерсек, қалаға Тұңғыш Президент атауын беру – саяси тұрғыдан ұтымды іс. 

Нұрлан Құралов, «Амангелді» агроөнеркәсіптік корпорациясының директоры

Тегтер: Астана, Нұрсұлтан, атауынөзгерту, Түркістан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.