Келес кәсіпорны Елорданы Елбасы атымен атауды қолдайды!

22 Наурыз, 2019 358 0

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтату жөнінде 19 наурызда тарихи шешім қабылдады. Тәуелсіздігіміздің іргетасын қалап, қарыштап даму жолына түскен қуатты елге айналдырған Елбасымыздың бұл қадамы әрбір Қазақстан азаматын көңілін бір елжіреткені сөзсіз. Қашан да елімен бірге қиын қыстау уақыта, қуанышты сәттерде жанынан табыла білген Елбасы, әрбір жанға үлгі бола білді.

Нұрсұлтан Әбішұлы барлық жолдауында қашанда жастар туралы айттып өтетін. «Жас қазақстандықтарға айтарым: тәуелсіз Қазақстанымызды, ортақ Отанымызды, Мәңгілік елімізді сақтай біліңіздер. Бұл – біздің халқымыз, біздің ұлы бабаларымыздың жері. Отанымыз да, жеріміз де бір», – деді ол.

«КелесПласт» ЖШС-ның ұжымында 20 адам жұмыс істейді. Олардың арасында отаншыл әрі жалынды жас мамандар бар. Елбасы жүргізген саясаттың арқасында біздің кәсіпорынға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Елбасы 2018 жылы Сарыағаш ауданын Келес ауданын қайта құрылу жөнінді қаулы шығарды. Бұның өзі біз Келестіктерге жан жақты қолдау болғаны рас. Келес ауданы жаңадан құрылғалы өзіндік бағытта жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлерге алдыңғыдан қарағанда көңіл айрықша болып тұр. Бұл біз үшін және ұжым жұмыс жасауымызға шабыт береді. Қазіргі таңда жұмыс күші артып тауарларымыздың көлемі артып, сұраныстар көбеюде.

Нұрсұлтан Әбішұлы Сарыарқа төрінде өз бастамасымен іргетасын қалаған Астана қаласының атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешімді қолдаймыз. Себебі жан жақты қарасақта тура келеді. 1997 жылы Елордамыз Алматыдан Астанаға көшу туралы жарлыққа қол қойғанда, көптеген халық сенім білдірмегені белгілі еді. Ал, қазір көрсең көзің тоймайтын, әлем астаналары арасында өзіндік орны бар орталыққа айналды. Қаланғанына 21 жыл болсада Халықаралық және әлемдік жиындармен олимпиядарларға куә болып келеді.

Біз ұжымыз және мен «КелесПласт» ЖШС-ның директоры Умаров Нұржан Елордамызды Елбасының атауымен атауға толықтай қолдаймыз.

 

Түркістан облысы, «КелесПласт» ЖШС-ның ұжымы

Тегтер: Елбасы, Нұрсұлтан, Астана, ауыстыру, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.