Kaspi.kz-те жаңа функция пайда болды: 42 500 теңгені бәрі қайтару керек пе?

Kaspi.kz-те жаңа функция пайда болды: 42 500 теңгені бәрі қайтару керек пе?

ашық дереккөзі

 width= Kaspi.kz жаңа функцияның неге пайда болғанын түсіндірді. Ол функция 42 500 теңгені қайтаруға байланысты пайда болған еді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы уақытқа дейін Kaspi.kz қосымшасын пайдаланып жүргендер коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген қатаң шектеулер кезінде қазақстандықтар алған әлеуметтік көмекті қайтару функциясы пайда болғанын айтып еді. Азаматтардың көбі ол ақшаны мемлекетке қайтару міндетті деп түсінген. Ал банк клиенттерге 42 500 және 21 250 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қайтару керегі туралы хабарлама жібермегенін айтты. "Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы қаражатты қайтару функциясы карантин кезінде нақты табысы бола тұра, әлеуметтік төлемді алғандар үшін жасалған. Мұндай төлемді қайтару әр азаматтың өз еркінде", - делінген хабарламада.

Жүктелуде...