
Ресейде бір күнде 14 231 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Соңғы тәулікте Ресейдің 84 аймағында 14 231 коронавирус инфекциясын жұқтыру расталды. Оның ішінде 3 585 жағдайдың (25,2 пайыз) клиникалық белгілері болмады", - делінген коронавирустың таралуымен күрес жөніндегі шұғыл штабтың хабарламасында.
Ал өткен тәулікте 244 науқас қайтыс болған.
Қазіргі кезде Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1 340 409-ға жетті.