Түркістандық кәсіпкер: "Елбасы есімін елордаға беруді қолдаймыз"

22 Наурыз, 2019 468 0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің өсуі жолында кәсіпкерлікті дамытудың қаншалықты маңызды екенін назардан тыс қалдырған емес.  Соның нәтижесінде Біз де,  кәсіпкерлер,  мемлекет тарапынан тиісті  қолдауларға тұрақты қол жеткізіп келеміз.

Мен Ұялыжар ауылындағы 17 гектарға тамшылатып суғару әдісімен бау өсіруді қолға алдым.  Бүгінде  бау қарқынды өсіп, алғашқы жемісін беріп те үлгерді.  Жобаның жалпы құны 172 млн.552 мың теңге. Оның 109 млн.895 мың теңгесі "ҚазАгроФинанс" Акционерлік қоғамы арқылы игерілді . Жеке қаржымыз 62 млн.676 мың теңгені құрады. Бауда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтыдық.

Кәсіпкерліктің дамуы ол -  жұмыс орындарының ашылуы,  әлеуметтік мәселелердің шешілуі,  әрі табыстың артып,  елдің ахуалының жақсаруы.

Біз,  "Александровский сад" ЖШС ұжымы Елбасы есімінің Астанаға берілуін толық қолдаймыз.  Әрі,  Нұрсұлтан Әбішұлының ел алдындағы ерен еңбегіне басымызды иеміз.

Бахтияр Тағаев,

"Александровский сад" ЖШС бас директоры

Тегтер: Түркістан, кәсіпкер, бизнес, Елбасы, Астана, Нұрсултан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.