Каспий теңізін қорғаудың өзекті мәселелері сөз болды

Каспий теңізін қорғаудың өзекті мәселелері сөз болды

ашық дереккөзі

 width= Ақтауда «Zoom» платформасы арқылы «Каспий күні – 2020» мерекесі аясында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында өткізілді. Басқосуда Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау бойынша Маңғыстау облысында өткізілетін шаралар, Каспий теңізінің қазақстандық секторында браконьерлікпен күресу жүргізу, Каспий аймағында теңіз қоқысымен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі мен оның жағалау аймағының экожүйесін қорғау жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындармен қабылдаған шаралар, «Итбалықты бірге қорғайық!» тақырыбындағы балалар суреті байқауының қорытындысы және тағы басқа өзекті мәселелер айтылды. Шараға Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Бекберген Керей, Қазақстандағы Тегеран конвенциясымен өзара байланыс жөніндегі ұлттық қызметкер, Халықаралық суды бағалау орталығының директоры Серік Ахметов, эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов, облыстық экология департаменті және т.б. мүдделі тараптар қатысты. Еске сала кетейік, 2003 жылы 4 қарашада Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында Каспий теңізінің айналасында өмір сүретін бес мемлекеттің өкілетті өкілдері Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздік (Тегеран) конвенцияға қол қойды. Осы Негіздік (Тегеран) конвенциясы 2006 жылы 12 тамызда күшіне енді. Осыған байланысты, қоғамның назарын Каспий теңізінің нәзік қоршаған ортасын қорғау мәселесіне аудару мақсатында 12 тамызды Каспий күні деп жариялады. Осы шешім негізінде Каспий күні 2008 жылдан бастап барлық бес мемлекетте жыл сайын «Каспийді сақтайық!» деген тақырыппен өтіп келеді. Осы жылғы Каспий күні қыркүйек және қазан айлары аралығында өтуде. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі Тегеран конвенциясының Хатшылығымен, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, сондай-ақ «Су бастамалары орталығы» Қоғамдық қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында өткен дөңгелек үстел барысында эко-амбассадор Әділбек Қозыбақов, Каспий итбалығын оңалту орталығының ветерринар дәрігері Анна Простетова және Маңғыстау облысы суасты аңшылар федерациясының өкілдері Жәнібек Меңдіғалин және Евгений Хван экологиялық ахуалды жақсарту бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігіне өздерінің ұсыныстарын жеткізді. Олардың қатарында теңіз астын қоқыстан тазарту, бекіре балықтар, итбалықтар және тағы басқа теңіз жануарларына төнетін қауіптің алдын-алу, браконьерлікпен күрес, сенбіліктер өткізу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды, әсіресе жастарды Каспий теңізін қорғау бағытындағы шараларға белсенді тарту мәселелері айтылды.  width=

Маңғыстау облысы

табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының

баспасөз қызметі

Жүктелуде...