"Шардара ГЭС" АҚ ұжымының атынан ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа ашық хат

22 Наурыз, 2019 1037 0

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан талай жетістікке жетіп, талай белестерді бағындырды. 
Сіз отыз жыл ғұмырыңызды жас мемлекеттің аяқтан нық тұруына, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға, бай тарихи мұрамызды сақтауға арнап келдіңіз. Біздің ұжым Өз Жолдауыңызда атап өткендей Қазақстан Республикасының оңтүстік аумағын арзан электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету, қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде электр қуаты 100 мВттан 126 мВт-қа арттыруды  жоспарлап отыр. "Шардара ГЭС" АҚ-да 158 қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі таңда "Шардара ГЭС" АҚ қайта жаңғыртудан өтуде. Ұжымның әрбір қызметкері Сіз жүзеге асырған мемлекеттік бағдарламалар арқылы білім алып, сүйікті жұмыстарын істеуде. Сіз парасаттылық пен көрегендіктің, даналықтың үлгісін көрсетіп өз еркіңізбен президенттіктен бас тарттыңыз. Бұл – екінің бірінің қолынан келетін іс емес. Десек те, Сіз біз үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы болып қала беретініңіз анық. Осы орайда біз елордамыздың атын Сіздің құрметіңізге «Нұр-Сұлтан» қою ұсынысын қолдаймыз. 


"Шардара ГЭС" АҚ-ның төрағасы Жаңабаев Бақытбек Қайыпжанұлы


Тегтер: елбасы, назарбаев, шардара, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.