«Хабар» арнасы Әз-Наурызды тойлаудың жаңа форматын ұсынады!

22 Наурыз, 2019 532 0

Биылғы ұлыстың ұлы күніне "Хабар" агенттігі ерекше әзірлікпен келіп отыр. Екі ай бұрын басталған дайындықтың алғашқы нәтижелерін көрермендер көрісу күнінен бері тамашалауда. Оған арнада 14-нен бері трансляцияланып жатқан ерекше стильде түсірілген "Жаңа күн" бейнеклипі мен белді журналист, жүргізушілеріміз түскен тәрбиелік мәні зор роликтер топтамасы дәлел деп жазады newsroom.kz ақпарат агенттігінің өз тілшісі.

Бес күндік мерекелік демалыс күндерінде серіктестерімізбен бірге жаңа жылымызға арнайы жоспарланған "Өнер барысы", "Ұлыстың ұлы күні", "Қазақ аруы", "Қазақ бокс кеші", "Тұмар" ТВ премиясы секілді жалпыұлттық жобаларды назарларыңызға ұсынады.

Мерекелік эфирдің басты бағдарламасы - 22-ші наурыз күні таңғы 7.30-дан кешкі 20.00-ге дейін созылатын "Ұлы дала наурызы" телемарафоны болмақ. Тікелей эфирде өтетін бұл марафонға еліміздің барлық аймақтары мен бауырлас түркі елдерімен live қосылымдар жоспарланған. Бұл жоба арқылы наурыз дәстүрлерін танымдық тұрғыда   креативті көрсетіп, осы жылдан бастап жаңаша тойлауға бет алған ұлы мейрамды тағы бір түлетсек деген арна басшылығының ойы бар екен.

Қазақтың қай мейрамы ән-бисіз, күй-жырсыз өткен. Осыны ескере отырып, 21-26.04 аралығына "Алашұлы" тобының, Кенжебек Жанәбіловтың су жаңа концерттері мен 200 өнерпаз қатысқан, "Қазақконцерт" пен агенттігіміз бірге дайындаған "Ұлыстың ұлы күні" мега жобасын Сіздер үшін сары майдай сақталған.

Отандық кинематографтың "Возвращение в А", "Анаға апарар жол" секілді туындылары да осы күндері эфирге шықпақ.

Бір сөзбен айтқанда жаңа күнге бастар, жанды жадыратар жалпыұлттық мерекемізде сіздерге ұсынар телеқоржынымыз жақсы жобаларға толы. "Хабармен" бірге наурызды қарсы алыңыздар!!!!!!!

Тегтер: хабар, наурыз, астана, жаңалықтар, мейрам, телемарафон

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.