Жетісайлық «Ақ Алтын корпорациясы» Нұр-Сұлтан атауына қолдау білдірді

21 Наурыз, 2019 603 0

«Ақ Алтын корпорациясы» ЖШС жұмысшылары Елордалық мәслихат депутаттарының Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Түркістан облысындағы меншікті тілшіміз.

«Күні кеше ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың атын оның бас сәулетшісі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атауды ұсынды. Біздің корпорацияның 500 астам жұмысшысы аталмыш бастаманы қолдайды», - деп жазды меншікті тілшіміз корпорация басшысы Айдархан Өтенұлына сілтеме жасап.

Аталған корпорация туралы «Айқын» республикалық газеті: «Ақ-Алтын» АҚ – Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі белгілі зауыттардың бірі. Мақтаарал, Киров, Жетісай аудандары бірікпей тұрғанда, Киров мақта тазарту зауыты болып аталады, ал қазір Мақтаарал ауданы әкімшілік аумағына қосылып, «Ақ-Ал­тын» мақта тазалайтын зауыт корпорациясы» АҚ болып құрылып, кейін жекешелендірілді. «Ақ-Алтын» мақта өңдейтін зауыты еліміздің, жалпы облыстың, соның ішінде Мақтаарал ауданының әлеуметтік-экономикасының дамуына мол үлесін қосуда. Мәдениетінің өркендеуіне, мақта өндірушілер мен мақта өңдейтін шаруашылық арасын­дағы қатынастарды бір жүйеге келтіріп жүрген белгілі кәсіпорындардың бірі. Зауыт тарихы 1967 жылы Кеңес Одағы тұсында, қазіргі Асық-Ата кентінде бастау алған. Кеңес үкіметі тұсында 1967–1990 жылдар аралығында зауыт 663798 тонна мақта қабылдап, сол жылдардың ең жоғарғы көрсеткіші, 1990 жылы 44029 тонна мақтаға жеткен. Осы жылдары 210 мың тонна талшық өндірілген, орта есеппен 1 тонна мақтадан 330 келі талшық алынған, 500 келіден аса шит өндіріліп, шитті әрі қарай Шымкенттегі май зауытына өңдеуге жіберілді. Кенес үкіметі тұсында Киров ауданы аумағында іргелі экономикасы өркендеген мақта өсіретін совхоздар орналасты. Аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшылары К.Ысқақов, Д.Әлжанов, Р.Нұғыманов, аудандық бас дәрігер Б.Балғынбаев және майталман ағалар Т.Жүнісов, Б.Серіков, О.Нұржанов, А.Піләлев, Н.Кенжебаев, М.Назанов, Б.Жаңбырбаев және басқалар зауыттың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өркендеуіне үлкен үлес қосқанын естен шығармауымыз керек» деп жазған еді.


«Ақ алтын» өндіретін кәсіпорынымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі есімізде қалдыруға бағытталған бастамалардың барлығына қолдау білдіреді. Бас қаламыздың жаңа атауы жеңістерге жеткізері анық», - деді зауыт басшылығы мен оның 500 тарта ұжымы.

Тегтер: елбасы, ақ, алтын, астана, нұрсұлтан, елорда

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.