
«Саяси дағдарыстың, адамдарға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың, заңсыздықтың созылғанына екі ай болды. Жетер. Енді режимнің біздің үш міндетті талабымызды орындауына 13 күн уақыты бар. Лукашенко кететіні жайлы жариялауы тиіс. Көшедегі зорлық-зомбылық дереу тоқтатылсын. Барлық саяси тұтқындаp босатылсын. Біздің тура 13 күн уақытымыз бар. Біз дайындалып, бір жағынан бейбіт шерулерді жалғастыра беретін боламыз", - деді Тихановская.Егер талаптар орындалмаса, онда халық болып жаппай шеруге шығып, мемлекеттік жұмыс орындарының жұмысын тоқтатып, барлық жолдарды жабу іске аспақ. Биліктің оппозиция талабын 25-қазанға дейін орындауына уақыты бар.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ