Нұр-Сұлтан: «Ордабасы Құс» компаниясы да қолдайды

21 Наурыз, 2019 577 0

«Ордабасы Құс» ЖШС жұмысшылары Елордалық мәслихат депутаттары Астана қаласының атауын «Нұрсұлтан» деп өзгерту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды меншікті тілшіміз.

«Тәуелсіз Қазақстанның екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың атын оның бас сәулетшісі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атауды ұсынды. Бұл өзекті уақытта, өз шешімін тапқан ой болды», - деп мәлімдеді  аталмыш кәсіпорын басшысы Мұхтар Тағаев.

Сонымен қатар, ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасына да үн қосып, аталмыш заң жобасын қуаттайтындарын да мәлімдеді.

«Кәсіпорынымыз Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін мәңгі есте сақтауға бағытталған бастамалардың түгелін қолдайды. Бас қаламыздың жаңа атауы жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелейді деп жазылған", - деді зауыт басшылығы таратқан ақпаратта.


Тегтер: елбасы, ордабасы, жаңалықтар, нұрсұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.