АҚШ Қазақстанмен орныққан қатынасты нығайта беруге ниетті

21 Наурыз, 2019 1063 3

Ресми Вашингтон Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігінен кеткеніне қарамастан Астанамен қатынасты нығайта береді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі мәлімдеді деп жазды newsroom.kz ақпарат агенттігінің шолушысы.

«Құрама Штаттар мен Қазақстан арасында өткен жылы болған президент Трамп пен Назарбаевтың тарихи кездесуінде байқалғандай екіжақты мығым қатынас орныққан, аталған қарқын жалғасын табады деп сенеміз», - деді америкалық сыртқы саясат бөлімінің қызметкері.

«Қазақстан АҚШ-тың дамыған стратегиялық әріптестерінің бірі және біз Қазақстанмен жұмысымызды кең ауқымды мәселелер бойынша жалғастыруға ниеттіміз» - америкалық дипломат.

TASS ақпарына сәйкес АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі АҚШ Қазақстанның қазіргі уақытта жаһандық аренадағы рөлін жоғары бағалайтындарын алға тартты. Осыған орай дипломат АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның сөзін келтіріп өтті. «Бұған дейін мемлекеттік хатшы М.Помпео атап өткендей: «Қазақстан жаһандық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі серіктес ретінде, сондай-ақ Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі экономикалық даму мен өзара байланыстарды дамытуда маңызды рөл атқара бастады», - деп сөзін түйіндеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтататынын хабарлады. Назарбаев жаңа президент сайлауы өткенге дейін уақытша президент өкілеттігін ҚР Конституциясына сәйкес Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқаратынын хабарлады. Тоқаевтың ҚР президенті ретіндегі өкілеттігі 2019 жылдың 20 наурызы сағат 0.00-де басталды. 20 наурыз сағат түскі 12-де Тоқаев президентікке ант қабылдады. Қазақстанда кезекті президент сайлауы 2020 жылы өтеді.

Тегтер: ақш, қазақстан, жаңалықтар, помпео, саясат, әлем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

adsd 21 Наурыз, 2019

adsadas

hggh 21 Наурыз, 2019

hhjjh

ЗӘКЕ 21 Наурыз, 2019

толык накты акпарат екен кашанга деин президент болатын уакытын айтпап еди