weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бір облыста тағы 58 оқушы коронавирус індетін жұқтырды

Бір облыста тағы 58 оқушы коронавирус індетін жұқтырды

Бір облыста тағы 58 оқушы коронавирус індетін жұқтырды
ашық дереккөзі
 width= Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған оқушылар саны артты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. "11 қазандағы соңғы мәліметтер бойынша 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды, олардың 34-і кезекші топқа барған, 24-і қашықтан оқыған", - дейді Шығыс Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласында тіркелген - 11 адамнан. "Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында - 10 оқушы, Көкпектіде - 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада - 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда - бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.