weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жезөкшелік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды

Жезөкшелік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды

Жезөкшелік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды
ашық дереккөзі
 width= Талдықорғанда интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынған жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция басқармасына облыс орталығындағы моншалардың бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны, яғни жігіттер жеңгетайлығымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Жүргізілген іс-шаралар барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы Талдықорған қаласының тұрғынын ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. https://youtu.be/YKt0FHWqJcs Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, ал өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.