Елбасы қашан да бізбен бірге

21 Наурыз, 2019 518 0

NewsROOM+. Кешегі КСРО тарағаннан кейін бос кеңістікте қалған Қазақстанды экономикалық жағынан туралаған күйінде қабылдап алған Н.Назарбаев өз елін әлемдік деңгейге жеткізу жолында жанқиярлықпен қалай күрескені көз алдымызда. Иә, оған оңай болған жақ. Ел дамуы мүлдем басқа арнаға бұрылды. Нарықтық қатынас кезінде адамдар қалай өмір сүрудің жолдарын білген жоқ. Дегенмен, дамудың даңғыл жолы біреу-ақ еді. Міне, соны Нұрекең асқан көрегендікпен тани білді. Осы тұста бір ой келеді. Кезінде Мұса пайғамбар құлдықтан көз ашпаған халқын құтқару үшін құм ішіне бастап барып, қырық жыл бойы бостандықта, өз бетттерінше өмір сүруді үйретпеуші ме еді. 

Міне, Нұрсұлтан Әбішұлының «өкімет өлтірмейді» деген қасаң қағидаға қатып қалған қазақты еңбекқорлыққа қарай жетектеуі пайғамбардың сол еңбегімен пара-пар іс болатын. Адамдар өмір сүрудің соны сапасын жақсы түсінді. Еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін ұғынды. Осылайша жақсы тұрмысқа ұмтылды. Нәтижесінде бүгінде Үкімет қолдауына ие болып, өз кәсібін ашқандар байып жатыр. Байлық бұл түптеп келгенде Қазақстанның жаңа келбетін көрсетеді. 

Елбасының тағы бір қамқорлығы-жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды шетелдерде оқытып, мықты маман етіп тәрбиелеудің өзінде ел мүддесі жатыр. Елбасымыздың елге жасаған жақсылықтарын санап тауыса алмаймыз. Әрине, уақыт талабына, замана талабына барлығымыз бас иеміз. Оның өте жоғары лауазымынан өз еркімен бас тартуы да оның өте ақылды әрі сұңғыла саясаткер екенін көрсетеді. Көңілге үлкен демеу болатыны Ұлт Көшбасшысы әлі де атынан түскен жоқ. Ол қасымызда, Тәуелсіз елін тұғырлы ету жолында бұрынғысынан да жігерлі еңбек ете бермек.


Орынбай РАХМАНБЕРДИЕВ,
қоғам қайраткері.

Тегтер: назарбаев, мақала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.