Қазақстандық футболшы Ерланов үздіктер құрамасына енді
Қазақстандық футболшы Ерланов үздіктер құрамасына енді

«Біз бұл ойында қорғанысқа аса мән бердік. Ал қорғаушының қақпашыға көмектесуі – заңдылық. Сондықтан қақпаны голдан аман сақтап қалғанымды ерлік деп есептемеймін. Қорғаушы ретіндегі міндетім еді. Менен басқа да әріптестерім жанын беріп ойнады. Олардың әрқайсысы да менің орнымды баса алады. Әрине, еңбегіңді бағалап, үздіктер құрамына енгізіп жатса, ішің жылып қалады», - деді футболшы агенттік тілшісіне телефон арқылы.Темірлан Ерланов Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет 2019 жылы 21 ақпанында Молдова құрамасына қарсы алаңға шықты. Осы уақытқа дейін 8 матчқа алаңға шығып,1 гол соққан. Қазір Темірлан Қостанайдың «Тобылында» доп тебеді. Сонымен Ұлттар Лигасының үшінші турындағы үздік команда мынадай: Кайл Голдуин (Гибралтар), Темірлан Ерланов (Қазақстан), Серхио Рамос (Испания), Мартин Эдегор, Эрлинг Холлан, Александр Серлот, Биргер Мелинг (барлығы – Норвегия), Анастасиос Бакасетас (Греция), Рауно Саппинен (Эстония), Венсан Тилль (Люксембург), Одмар Фере (Фарер аралдары).