Көкшетау-Қызылорда пойызында ер адам саудагер әйелдің басын кесіп алған

25 Мамыр, 2018 1467 1

Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызда ер адамның саудагер әйелдің басын кесіп алғаны белгілі болды. Қанды қылмыс Шу станциясында жасалған екен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Пойыз Жамбыл облысындағы Шу станциясына тоқтағанда, саудагер әйел жолаушыларға азық-түлік, киім-кешек ұсынып вагонға кірген. Ол тамбурдан өтіп бара жатқанда, ер адам оны бірнеше рет пышақтап, артынша тамағынан орып жіберіпті. Алған жарақатының салдарынан әйел сол жерде тіл тартай кеткен.

Ал оны өлтірген ер адам сол жерде ұсталғанымен, неліктен мұндай қылмысқа барғанын түсіндіре алмаған. Полицейлердің айтуынша, оның ақыл-есінде ауытқу бар. Оқиға орын алған уақытта ол диспансерден емделіп шығып келе жатқан екен.

«Ұсталған азаматтың папанойдты шизофрения диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны және бұрын сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Әзірге полицейлер қылмыстың анық-қанығын ашып айтпай отыр. Тек тергеу амалдарының жүгізіліп жатқаны белгілі. Алайда саудагерді өлтірген ер адам ақыл-есінде ауытқу барына байланысты жазадан сытылып кетуі мүмкін.

Тегтер: қылмыс, көкшетау, қызылорда, пойыз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Жомарт 25 Мамыр, 2018

Неге ондай адамдар қараусыз бос жүреді?