Маска тақпағандар мақта теруде: су ішпей, құл ретінде жұмыс істеп жүр - тілші

Маска тақпағандар мақта теруде: су ішпей, құл ретінде жұмыс істеп жүр - тілші

ашық дереккөзі

 width= Маска тақпағандар айыппұл төлей алмаса мақта жинауға мәжбүр. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Түркіменстанның Мары қаласында масқа тақпағандарға қатаң ескерту жасалып, айыппұл салынып жатыр. Алайда айыппұлдың төленгені туралы чек берілмей, тәртіп сақшылары оны өздеріне алып жатыр", - деп мәлімдеді жергілікті БАҚ өкілі.
Маска тақпағандардың тең жартысы айыппұл төлей алмайды. Сондықтан олар мақта теру жұмысына жіберіледі. Әр адам 40 келіден тереді екен.
"Осылайша мақта алаңында ондаған адам мәжбүрлі түрде жұмыс істеп жатыр. Оларды құл ретінде көреді. Оларға тіптен су ішуге де рұқсат бермейді", - дейді аймақтағы тілші.
 

Жүктелуде...