Еттен бас тартқан әйелдің шашы түсіп қалды

21 Наурыз, 2019 773 0

NewsROOM+. Музыкант Джессика Дрю былтырғы сәуір айынан бастап еттен бас тартқанын айтады. 

"Таныстарымның бәрі осылай жасай бастады. Сүтті тағамдарды да қөптен бері жемеймін. Осылайша еттен де бас тартам деп ойладым", - дейді ол. 

Ол бастапқыда өзін жеңіл сезінгенімен ақырындап шашының түсе бастағанын байқайды. Өз жасынан кәрі көріне бастайды. 

Сонда да ол етті жемей қойған. Шаштың түсуіне ақуыз бен кератиннің жетіспеуі себеп болуы мүмкін. Себебі шаш пен тырнақ содан тұрады. Ақуыздар еттен бөлек балықта, сояда, бұршақ пен жасымықта болады. 

Енді Дрю осы тағамдарды жеп, шашын қалпына келтірмек. 

Дереккөз: stan.kz

Тегтер: ұлыбритания, ет, музыкант, қоғам

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.