Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

XXI ғасыр адамдар үшін соңғы ғасыр болуы мүмкін - БҰҰ бас хатшысы

XXI ғасыр адамдар үшін соңғы ғасыр болуы мүмкін - БҰҰ бас хатшысы

XXI ғасыр адамдар үшін соңғы ғасыр болуы мүмкін - БҰҰ бас хатшысы
ашық дереккөзі
 width= БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш TED Countdown халықаралық бастамасының қолдауымен өткен форум барысында жаһандық жылынумен күресу жоспарын ұсынды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап. Оның айтуынша, климаттың өзгеруі адамзаттың өміріне қауіп төндіріп отыр.
«Егер біз қазір әрекет жасамасақ, онда бұл ғасыр адамзат үшін соңғы ғасыр болуы мүмкін», - деді ол.
Дипломат климатологтардың ғаламдық температураның жоғарылауын Цельсия бойынша бір жарым градус деңгейінде ұстап тұру туралы ұсыныстары орындалмай жатқанын атап өтті. Ол миллиард адамның жоғары жақтың  әрекетсіздігінен зардап шегіп жатқанын тілге тиек етті. Әлемдік климаттық өзгерістер орман өрттерін, циклондарды, су тасқынын, құрғақшылықты және басқа да табиғи құбылыстарды тудырды. Климат дағдарысынан иммунитеті төмен кедейлер мен осал адамдар ең көп зардап шегеді.
"Біз әлі де қауіпсіз, әділетті және орнықты әлем құра аламыз, бірақ біз тез әрекет етуіміз керек",-деді Гутеррес.
БҰҰ Бас хатшысы әлем елдеріне қарапайым жоспар құруға шақырды: жасыл жұмыс орындарына инвестиция салуға, ластаушы салалардан және қазба отын өндіретін және өңдейтін кәсіпорындарға субсидиялардан бас тартуға, саяси және экономикалық шешімдер қабылдау кезінде климаттық тәуекелдерді ескеруге шақырды.