Алматыда есірткіге мас жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашпақ болды

20 Наурыз, 2019 639 0

NewsROOM+. Алматылық полицейлер есірткіге мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды newsroom.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, "Қарасу" шағын ауданында орналасқан стационарлы полиция бекетінде жол-патрульдік полициясының қызметкерлері мас жүргізушіні анықтайды. Лада автокөлігін тізгіндеген ер адамның қылығы тәртіп сақшыларының күдігін тудырып, оны тоқтатпақшы болған. Бірақ ер адам полиция қызметкерлерінің заңды тоқтатуына бағынбай, қашып кетпек болған.

- Полиция қызметкерлері бернеше кварталдан соң жүргізушінің жолын кесу арқылы тоқтатқан. Анықталғандай, К. есімді азаматтың жүргізуші куәлігі болмаған, сонымен қатар автокөліктің де құжаттары жоқ болып шықты. Бұдан бөлек, куәгерлердің қатысуымен оның жеке өзін тексеру кезінде, жүргізушіден жасыл түсті өсімдік тектес есірткі заты анықталған. Ол сот-химиялық сарапамасына жіберілді. Қазіргі таңда Алатау аудандық Полиция басқармасымен аталған дерекке қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Мұнымен қатар ұсталған жүргізуші біздің бөлімшенің қызметкерлерімен медициналық куәландыруға жеткізілді. Осы зерттеулердің нәтижесінде оның есірткіге мас болғаны дәлелденді, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ Жол-патрульдік полкінің командирі Манап Саттаров.

Аталған дерек бойынша жиналған материалдар, шешім шығару үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жөнелтілді.

Дерек көзі: Zakon

Тегтер: алматы, есірткі, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.