Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирустан қайтыс болды: тірі адамды табытқа салып, жерлеп тастаған

Коронавирустан қайтыс болды: тірі адамды табытқа салып, жерлеп тастаған

Коронавирустан қайтыс болды: тірі адамды табытқа салып, жерлеп тастаған
ашық дереккөзі
 width= Ленинск-Кузнецкий аймағы, Шабанов ауылының тұрғынына мүгедектер интернатында жатқан атасының коронавирустан қайтыс болғанын айтқан. Алайда жабық табытқа салып, ер адамды жерkеп қойған соң мекеме өкілі келіншекке хабарласып, оның туысы тірі екенін айтқан. Аталған факті бойынша өңірдің денсаулық сақтау министрлігі тексеріс бастап кеткен. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Кузбасс денсаулық сақтау министрлігінде қызметтік тексеріс жүргізілуде. Комиссия барлық медициналық ұйымдарға барды. Барлық медициналық құжаттар сұралды. Тексеріс аяқталған жоқ", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Юлия Брежнева.
Сондай-ақ, шенеунік қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Еске сала кетсек, Ұлыбританияда коронавирустан комаға түскен ана аман-есен егіздерді дүниеге әкелгенін жазған едік. Бұл жайт Ұлыбританияның Белфст қаласында болған деп жазады metro.co.uk. Ава мен Амелия есімді егіздердің ата-анасы атанған Даниэль Мартин мен Брайан Гриннің қуаныштарында шек жоқ. Бес баланың анасы атанып отырған Даниэль қатты сырқаттанғаны соншалық, дәрігерлер оны жасанды комаға жіберуге мәжбүр болады. Екі аптаға комаға жіберліген келіншектің егіздерге аяғы ауыр екенін ұққан дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін барын салған. Айта кетсек, Ұлыбританияда тойдағы 250 қонақты жасырған жас жұбайлар карантинді бұзбаудың амалын тапқанын жазған болатынбыз.