Назарбаев тапсырма берді: Еліміздегі 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден берілмек

Назарбаев тапсырма берді: Еліміздегі 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден берілмек

ашық дереккөзі

 width= Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Тұңғыш Президенті партияның сайлауалды бағдарламасының жобасына тоқталды. "Саяси кеңестің бюросында біз республикалық сайлауалды бағдарламаның жобасын талқыладық. Қиын жағдайды ескере отырып, бағдарламада біздің мақсатымыз бен ауқымды міндеттеріміз көрсетілген. Барлық партия мүшесі осы бойынша жұмыс істейді, себебі, түптеп келгенде, мұның бәрі халықтың әл-ауқатына бағытталған. Сайлау алдындағы уәделерді есептеу керек", - деді партия төрағасы. Кездесу барысында Елбасы партияға Birgemiz қорымен бірге бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдер ұйымдастыруды тапсырды. "Партияның орталық аппараты және біздің қызметкерлер үлкен жұмыс атқарды. Мен бәріне атқарған жұмысы үшін ризамын. Алда әлі көптеген нақты іс бар. Ел игілігі үшін жұмысты жалғастыру маңызды", - деп қорытындылады Қазақстан Тұңғыш Президенті.

Жүктелуде...