Қазақстандық саясаттануш Данияр Әшімбаевтың ИАЦ сайтына берген сұхбатында «Қырғызстанның өз Назарбаевы немесе Каримовы болған жоқ» деген пікір айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сіз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы түбегейлі айырмашылықтың не екенін білесіз бе? Олардың кландары президентті басқарады, ал біздің елде президент кландарды басқарады және оларды орнына қояды.
Осы жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаев аймақтық элитаны бақылауда ұстай білді. Ұйымдасқан қылмыс іс жүзінде өрістен ығыстырылды.
Егер қылмыстық жағдайды 90-жылдармен салыстыратын болсақ, онда ол түбегейлі өзгерді. Қазақстанда ұйымдасқан қылмыс іс жүзінде жойылды.
Мен сыбайлас жемқорлық туралы емес, оның таза түріндегі қылмыс туралы айтып отырмын. Осының аясында президенттер билікті сақтап, тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ете алмаған Бішкектегі саяси өрісті және жағдайды тұрақтандырудың болашағы жыл сайын азая түсуде», - деді Д.Әшімбаев.