Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбековті отставкаға кетуге шақырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
"Сооронбай Жээнбеков (премьер - министр-ред.) Садыр Жапаровқа уәде еткендей, дереу отставкаға кетуі керек. Біз бұған бәріміз бірге қол жеткізуіміз керек. Әйтпесе, кеш болады", - деген Атамбаев адвокаттары таратқан хабарламада.