Алматыда мұғалім 5-сынып оқушыларына балалар суицидінің элементтері бар тапсырма берген, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бұл тапсырманы байқаған Facebook желісінің пайдаланушысы Қанат Садықов желіде кітаптан үзінді жариялады.
Балаларға жиынтық бағалау аясында мына тапсырма берілген: «Анасы бірде ұлына ренжіп қалады және ашуланып мынадай сөздер айтады:
Егер сені көрмесем, бақытты болар едім!
Бала мұндай сөздерді күтпегені сонша, тапаншаны алып, өзін атылып өлді.
Содан соң анасы әр кеште ошақ басында көз жасын төгеді. Бір күні таңертең ол да өліп қалады: қайғыдан қан жұтады».
Деректер бойынша, басқа қаладағы оқушылар да осындай мәтіндегі тапсырмаларды орындаған.
Алматы қаласының Білім басқармасының айтуынша, бұл тапсырма оқушыларға 8 қазанда берілген.
"Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 5 "б" сынып оқушылары үшін "Мәдениет: тіл және қатынас" бөлімі бойынша БЖБ тапсырмасын қате әзірлеген. Оған "Ақылсыз сөз және жақсы сөз" нақылы қосылған. Мұны мұғалім интернеттен алған. Салдарынан мектеп әкімшілігі оқушыларға берілген БЖБ тапсырмасын орындауды тоқтатты және ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұрады. Бұл мәселе Білім басқармасының бақылауында", - деді олар.