Айтысты сүйіп көретін халық Ринат Заитовты жоғары бағалап, оны жақсы көреді. Ол қоғамның көңілінен ойын ашық жеткізе алатындығымен шығып жүр. Былтыр сайлау кезінде де белсенді болған еді. Алайда соңғы кездері айтыскер ақын халық алдына жиі шықпай қойды. Оны оқырмандары сынап, әлеуметтік желіде жариялаған жазбаларына жағымсыз пікір қалдырып жүр. Олар «Жоғалып кетіп қайта келдің бе? Тығылған үңгірден шықтың ба?», «Жайыңа жүре бермейсің бе?» деген пікірлер жазған. Дәл осындай пікірлерге Ринат өлеңімен жауап берді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Әрбір адам ертеңіне алаңдар
Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар
Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз
Мен сендерді түсінемін АДАМДАР
Жүрегіме сыймай қалған жамандар
Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар
Бауырыңа баспасаң да бағалап,
Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР
Таптатпауға тырысумен табанға АР
Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар
Илеп, илеп итке тастай салсаң да,
Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР».