Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Жария еткім келмейді»: Мектеп директоры мұқтаж жанға өз күртешесін шешіп берген

«Жария еткім келмейді»: Мектеп директоры мұқтаж жанға өз күртешесін шешіп берген

«Жария еткім келмейді»: Мектеп директоры мұқтаж жанға өз күртешесін шешіп берген
ашық дереккөзі
 width= Алматылық мектеп директоры тұрмысы төмен отбасының жағдайын көріп, қыстың күні қырауда үстіндегі күртешесін сол үйдің баласына кигізіп кеткен, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі nur.kz порталына сілтеме жасап. Алматы қаласы Медеу ауданындағы 53 мектепті басқарған Өмірбек Айтуғанды әріптестері мен оқушылардың ата-аналары әрдайым аузынан тастамайды. «Өмірбек Айтуғанұлы – қарапайым ұлтжанды азамат. Алдына барған мұқтаж жандарға көмегін аямайды. Бірде тұрмысы төмен отбасының жағдайын көріп, қыстың көзі қырауда үстіндегі курткасын шешіп, сол үйдің баласының үстіне кигізіп кеткен. Мектебіміздің тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларына да қамқорлығы жетерлік. Еліміздің керемет жігіттерінің бірі», – деп еске алады мектептің белсенді ата-аналарының бірі Аида Букаева. Өзінің әрдайым қайырымдылық жасап, көмек қолын созып тұратынын құпия ұстағысы келсе де мектеп директоры тілшіге жоғарыдағы жағдайдың болғанын растады. «Қайырымдылық жасағанымды жария еткім келмейді, құпия қалсын деп едім. Барлығымыз адамбыз ғой. Бәрімізде адамгершілік болу керек. Мұқтаж отбасын көргенде әркім өз мүмкіндігінің шеңберінде көмек көрсете алғаны жақсы. Сонда қоғам дамиды. Қоғам адамдардан тұрады емес пе? Қайырымдылық жасасақ ештеңеден ұтылмаймыз», – дейді ол.