Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтас ауылында 10 жасар қыз бала кір жуғыш машинасынан шыға алмай, кептеліп қалған, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына құтқарушылар жетіп, баланы аман-есен алып шықты. Кір жуғыш машинаны бөлшектеп бұзуға тура келген.
Жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін, сынықтар жоқ екенін хабарлады. Балақай жасырынбақ ойнап жүріп, кір жуғыш машинаға кірген екен.