Мемлекет басшысы бірқатар елдерге өкілетті елшілер тағайындады
Мемлекет басшысы бірқатар елдерге өкілетті елшілер тағайындады

"Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", – делінген президент жарлығында.Дархан Кәлетаев 2020 жылдың ақпан айынан Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін, ал Сатыбалды Бұршақов 2019 жылы қыркүйек айынан бері Израильдағы елші қызметіне кіріскен болатын. Ендігі жерде елші Сатыбалды Бұршақов Қазақстанның Кипр Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметін атқаратын болды.