Астананы Нұрсұлтан етуге қанша ақша жұмсалады

20 Наурыз, 2019 850 0

NewsROOM+. Астананың атауын Нұрсұлтан етіп өзгертуді қаржыландыруға байланысты сұраққа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дәленовтың айтуынша, атауды өзгертуге жұмсалатын сома әлі есептелген жоқ.

– Оны нақты санаған жоқпыз әлі, бірақ бәрі бюджетте бар ақшаның есебінен қаржыландырылады деп ойлаймын. Одан аспауы керек, – деп түсіндірді ол.

Сол бұл мәселе "бірден жүзеге аспайды" деді.

– Түсінесіз ғой, егер атауды өзгерту туралы айтсақ, бұл бірден жүзеге асатын нәрсе емес. Құжаттар, тақтайша-маңдайшаларды меңзеп тұрсаңыз, оның бәрі жоспарлы түрде жүргізіледі, – деді министр.

Тегтер: астана, нұрсұлтан, өзгеру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.