Коронавирус: ауруханада бос орын жоқ
Коронавирус: ауруханада бос орын жоқ

– Ауруды жұқтыру дерегі тіркелгенде жергілікті деңгейде шаралар қабылдап жатқанымыз дұрыс деп санаймын. Ешкім жалпыұлттық шектеулердің қабылдануын қаламайды. Мұны болдырмаудың жолын іздеп жатырмыз.Ресей науқастар саны бойынша әлемде төртінші орында тұр. Күн сайын жұқтыру деректері артып бара жатқандықтан, Мәскеу мэрі жергілікті компанияларды қызметкерлерінің 30% және жасы 65-тен асқандар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруға міндеттеді. Оның шығарған жарлығы бойынша, бүгіннен бастап кәсіпорындар апта сайын қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері жөнінде мәлімет тапсыруы тиіс. Иран билік өкілдері соңғы бір тәулікте коронавирус дертінен 250 адам қайтыс болғанын хабарлады. Бұл індет басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы елде бұл аурудан 28 мыңнан аса адам көз жұмған. Қазіргі кезде 4 жарым мыңдай науқас ауыр хәлде. Ауруханаларда бос орын қалған жоқ. Үкімет өкілдері эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болған деп санайды.