«Қызыл бархат тортын алғаш естуім»: көп балалы отбасыларға аспаздар тамақ таратуда

«Қызыл бархат тортын алғаш естуім»: көп балалы отбасыларға аспаздар тамақ таратуда

ашық дереккөзі

 width= Тәтті торт жеп, дәмді асты аңсаған балалардың арманын аспаздар орындап жүр! Қарағандыдағы кулинария шеберлері бірнеше айдан бері жағдайы төмен отбасыларға осындай мәрттік жасап, елді аузына қаратуда. Он саусағынан бал тамған жандардың мұндай жақсылық жасауына өз себептері де жоқ! Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарсы алыңыз. Сәлеметсіз бе?! Балаларыңыз қайда?"
Тәтті тоқашын көпбалалары отбасыға беремін деп алыпұшып жетіп, оны сәл болмағанда қолынан түсіріп ала жаздаған қайырымды жан аспаз Анар Жантасова. Ол сәбиі көп жанұяларға жылылық сыйлап, қуантқанды жақсы көреді. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген нақыл дәл оған арналғандай. Өйткені өзі де қайырымдылық жасауды ізгі амалдардың бірі деп білетін отбасыдан. Анар ЖАНТАСОВА, Аспаз:
"6-7 сыныпта интернатқа ауыстырды мені. Сабақты жақсы оқысын, білім алсын деді. Интернатта қандай балалар жатады? Онда көпбалалы, сосын әке-шешесі жоқ жетім балалар жатады. Ал, біздің отбасы бес балалы болғаннан кейін, біз сонда жататын болдық. Сол кезде мен есейдім, сонда адамдардың қалай қиналатынын сезіндім".
Міне, сол сезім осы күнге дейін Анарды адастырмаған. Игі бастаманы қолдап, оның жанынан табылған жандар баршылық. Солардың бірі - Гүлжан есімді құрбысы. Екеуінің жақында бастаған қайырымдылықтары ондаған отбасыны қуантқан. Гүлжан ОСПАНОВА, аспаз:
"Қолымнан келгендіктен, өзім осымен айналысқасын, өзім көмектесуге бел байладым. Бірге атқарамыз, тәттілерімізді пісіреміз, қолдан келгенше көмекстесеміз. Бұл да бір қазақтың міндеті деп түсінемін".
Барлық жұмысына ұқыпты әрі асқан жауапкершілікпен қарайтын олар, бізбің түсірілім тобы барғанда, тағы екі жанұяға тәтті тоқаштарын апарды. Ел аузында «медовик», «красный бархат», "капкейк" деп танылған тәттілердің дәмін 4 бүлдіршіні бар Вольфтар отбасы да татып көрді. Торттар балалардың көңілінен шыққандай. Екатерина ВОЛЬФ, Көп балалы ана:
"Қызыл бархат дегенді бірінші рет естуім"! Таң қалып, балаларыма айттым, олар тәттілерде сондай күтті. Келгендеріңізге үлкен алғыс айтамын. Үй жалдап тұрамыз, үйде отағасы ғана жұмыс істейді".
10 баланың анасы, «Алтын алқа» иесі Амангүл Кәбдиханның да наубайханшылар дайындаған дүниенге көңілі толды. Амангүл КӘБДІХАН, Көп балалы ана:
"Әкелген тағамдарыңыз дәмді. Сыйлап, тағам әкеліп жатқандарыңыз көп рақмет! Қыздардың жұмысына табыс, жеміс тілеймін. Дендеріңізге сау, бастарыңызға амандық беріп, осылай көпбалалы аналарды қуантып, жүре берулеріңізге Алла жазсын".
"Әумин" деген Анар мен Гүлжан көптің көңілін көтеріп, жанын жадырататын істерін келешекте де жалғастырамыз дейді. Олардың игі істері тек мұнымен ғана шектелмейді. Он саусақтарынан бал тамған жандар көпбалалы аналарға аспаздықтың қыр-сырын үйрететін сабақтарын да бастапты. Анар ЖАНТАСОВА, Аспаз:
"Қазіргі таңда тәттілерімізді таратып, көпбалалы аналар, жалғызбасты аналарға, мүгедек бала асырап отырғандарға түрлі мастер-класстар береміз. Сертификаттарды ұсынып, олар әрі қарай ақша табуға жақсы мүмкіндік беріп отырмыз".
Айтпақшы, екі құрбының тағы екі серіктесі бар. Төртеуі осы істерін ілгерілету үшін Білім және ғылым министрлігіне аталмыш әлеуметтік жобаны ұсынып, қайтарымсыз грант жеңіп алыпты. Сол қаржыға қажетті құрылғыларды сатып алған. Енді қайырымдылықпен айналыстандар жақында Қарттар мен балалар үйіне де бас сұқпақ. "Қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлау - жанымызды жадыратады" дейді.

Жүктелуде...