Ашыған тамақты жеп, жеті адам уланып қайтыс болды

Ашыған тамақты жеп, жеті адам уланып қайтыс болды

ашық дереккөзі

 width= Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында жеті адам түскі тамақтан уланып қайтыс болды, деп мәлімдеді Xinhua. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Оқиға Цзидун үезінің Ван есімді тұрғыны өз отбасының сегіз мүшесімен бірге бір жыл бойы мұздатылған күйі сақталған жергілікті тағам – ашыған кеспені жегеннен кейін болды. Полиция тағаммен улау арқылы қасақана өлтіру деген нұсқаны теріске шығарды. Себебі оқиға орнында табылған кеспеден уытты материалдардың ізі табылмаған. Зертханалық зерттеулердің нәтижесі кеспедегі афлатоксин мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда асып кеткендігін көрсетті. Тергеу «көз жұмғандар афлатоксинмен уланған» деген ұйғарымға келіп отыр.

Жүктелуде...