Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

20 Наурыз, 2019 1235 0

NewsROOM+. Бүгін ҚР президентінің қызметін уақытша атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру рәсімі өтті.

Рәсімге тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Рәсім ерекше толқумен өтті. Тіпті министрлердің кейбірі көз жасына ерік берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр. 

Тегтер: тоқаев, антберурәсімі

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.