30 мың өзбекстандық ұстаз орыс тілін терең меңгеретін болады

30 мың өзбекстандық ұстаз орыс тілін терең меңгеретін болады

ашық дереккөзі

 width= Өзбекстан мен Ресей орыс тілін үйрету деңгейін арттыру мақсатында "Класс!" жобасын бастады. Бұған дейін 32 ресейлік сарапшы Өзбекстанға келіп, оқушылар мен ұстаздардың орыс тілін білу деңгейіне мониторинг жасаған болатын. 2021 жылы Өзбекстанға алғашқы 100 ресейлік маман келіп, жобаны тікелей іске асыруды бастайды. Әр жыл сайын олардың саны 100 адамға артып отырмақ. Жалпы жобаның аясында 30 мың өзбекстандық ұстаздар өз деңгейлерін көтеруге мүмкіндік алады. Жоба 10 жылға созылады. "Біз Герцен атындағы Ресей педагогикалық университетінің филиалын ашуды жоспарлап отырмыз. Келер оқу жылынан бастап бакалаврға қабылдауды бастаймыз. Ресейлік оқу орындары педагогикалық мамандық бойынша өзбекстандық студенттерді қабылдау аясын кеңейту жұмыстары да іске асады. Біз ұстаздар мен оқушылардың тіл білу деңгейін арттыру бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаймыз", — деді Ресей ағарту министрлігінің орынбасары Глушко.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...