Өзбекстан білім министрі: әрбір түлек өзбек және орыс тілін білуі тиіс!

Өзбекстан білім министрі: әрбір түлек өзбек және орыс тілін білуі тиіс!

ашық дереккөзі

 width= Ресей мен Өзбекстан орыс тілі, әдебиеті мен орыс тілінде берілетін сабақтардың сапасын арттыру мақсатында ортақ жоба бастайды. «Класс!» жобасының іске асу барысында негізгі мақсат өзбек тіліндегі мектептерге қойылмақ. Бұл туралы Sputnik Узбекистан сайты елдің білім министрі Шерзод Шерматовтың сөзіне сүйеніп хабарлады. Жобаны іске асыру бойынша екі жақты меморандумға 11-қазанда Ташкентте қол қойылды. Жоба Ресей Федерациясының ағарту министрлігі мен Өзбекстанның білім министрлігі және Әлішер Усмановтың «Өнер, ғылым және спорт» қорының қаржыландыру негізінде жүзеге асады. «Негізгі күш өзбек тілді мектептерге бағытталмақ. Республикамыздағы орыс тілді мектептерде орыс тілін меңгеру бойынша қиындықтар жоқ. Біздің мақсатымыз әрбір мектеп бітіруші түлек мемлекеттік тілмен қатар, орыс тілін де терең меңгеріп шықса дейміз», - деді Шерматов.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...