Интернеттің нашарлығынан мектеп оқушысы зират ішінде оқып жүр
NewsRoom
Интернеттің нашарлығынан мектеп оқушысы зират ішінде оқып жүр
Мектеп оқушысы үйінде интернет байланысының нашарлығына байланысты зиратта онлайн режимінде оқып жүр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Колорадо штатында 15 жасар Кармелита Раэль ата-анасымен бірге таулы қожалықта тұрады. Сондықтан үйінде интернет жоқ және ұялы байланыс нашар.
Оқушының анасы спутниктік интернетті қостырғанын атап өтті. Алайда ауа-райы жел немесес жаңбырлы болып тұрса, сигнал жоғалады екен. Аудандағы интернет сигналы жалғанған жер – жергілікті зират.
Бұл аймақта ұялы мұнараларды орнатуға шамамен 1,5 миллион доллар қажет болып шықты.