Павлодарлық қыз "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы атанды

20 Наурыз, 2019 739 0

NewsROOM+. Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды. Финал 19 наурыз күні бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Бұл туралы Stan.kz Елорда Инфо басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздің ең сұлу аруы атағы үшін әр аймақтан келген 18 қыз бақ сынасты. Өздеріңіз білетіндей, бұл байқауда қыздардың тек сыртқы келбетіне емес, біліміне, салт-дәстүр мен мәдениеттен хабарына баса мән беріледі.

Павлодарлық Сания Темірханова "Қазақ аруы-2019" байқауының жеңімпазы атанды. Өткен жылы бойжеткен республикалық сұлулық байқауына Павлодардың атынан қатысқан болатын. 

Бірінші орын қарағандылық Айғаным Орынбековаға, екінші орын астаналық Анна Вайдуроваға, ал үшінші орыс павлодарлық Сая Тұрсынбековаға бұйырды. 

Байқау бағдарламасына сәйкес, қыздар шығармашылық және білім сайысына түсті. Үшінші кезеңде қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен сән көрсетті. 

Қазылар алқасының құрамында Ерік Жолжақсынов, Қарақат Әбілдина, Баян Алагөзова, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова болды. Жобаның бас продюсері Баян Мақсатқызы екенін айта кетейік.





Тегтер: қазақаруы2019, қыздар, сайыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.