weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қазан, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әскери көлік Қырғызстан президенті резиденциясының қоршауын қағып кетті

Әскери көлік Қырғызстан президенті резиденциясының қоршауын қағып кетті

Әскери көлік Қырғызстан президенті резиденциясының қоршауын қағып кетті
ашық дереккөзі
 width= Жаяу әскердің әскери көлігі Қырғызстандағы "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясының қоршауын абайсызда қағып кетті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видеоны Азиз Пиримкулов есімді Facebook қолданушысы жариялады. Оның айтуынша, механик машинист жылдамдық пен бағытты дұрыс есептемей, шығыс қақпадағы қоршауды қағып кеткен. 24.kg мәліметінше, "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында 10 қазан сағат 12:00-де парламент отырысы болады деп жоспарланған. Отырыс әлі басталмаған және депутаттар да жиын қайда және сағат қаншада болатынынан бейхабар. Сондай-ақ басылым мәліметінше, Бішкектегі Шу даңғылында әскери техника мен арнайы машиналар жиналып жатыр. Ала-Тоо алаңына кіреберісте кем дегенде он бронетранспортер мен әскери КамАЗ, бронды автомобиль және бірнеше күзет көлігі жиналған. Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізіледі. Полицейлер мен әскерилер қаланы күзетеді. Кешкі сегізден кейін үйден шығағу тыйым салынды. Одан бөлек, іс-шараларға да тыйым салынған. https://www.facebook.com/100002447458053/videos/3338214902936725/