10 психологиялық әдіс: Адамдарға қалай әсер етуге болады?

10 психологиялық әдіс: Адамдарға қалай әсер етуге болады?

ашық дереккөзі

 width=

Адамды өз есімімен шақырыңыз

Адам өз есімін естуден ешқашан жалықпайды. Өзінің есімі адамға жағымды әрі маңызды естіледі. Адам баласына өмірге келгеннен кейін алғаш берілген сый - ол оның есімі емес пе?! Негізінде адамды есімімен шақыру - оның осы әлемде өмір сүріп жатқанының дәлелі.

Назар қойып тыңдаңыз

Кез келген адамды мұқият тыңдаған дұрыс. Оның айтып жатқаны қате болса да, әңгімесін соңына дейін тыңдаңыз. Сонымен қатар оның айтып жатқанының дұрыс еместігін айтпаңыз. Ортақ бір әңгіме бастап, кез келген адаммен сөйлесіп кетуге дайын болыңыз.

Басыңызды изеңіз

Қазіргі қоғамда басты изеу адамның бір нәрсеге келіскенінің белгісі. Ал сөйлесіп тұрған кезде бас изеу арқылы ол адамды тыңдап жатқаныңызды көрсетесіз. Сонымен қатар сөйлесушіңізде өзіңіз туралы жағымды пікір қалыптастырасыз.

Жаныңыздағы сөйлесіп тұрған адамның айтып жатқанын қайталаңыз

Бұл әдісті әдетте психологтар қолданады. Олар алдындағы адамды мұқият тыңдап, оның айтқанын өзіне қайталап айтып береді. Бұл әрекеттің нәтижесінде екі адамның арасында белгілі бір байланыс орнайды. Осы әдісті достарыңызбен сөйлескенде қолданып көріңіз. Сол кезде олар сіздің қасыңызда өзін жайлы сезінетін болады.

Адамды мақтаңыз

Қалыптасқан, өмірде өз бағасын білетін адаммен сөйлескен кезде ғана оны мақтаңыз. Олар өз бағасын білгендіктен мақтағанда жақсы қабылдайды. Ал егер адам өзіне сенімсіз болса, сіздің мақтағаныңыз оған кері әсер етуі мүмкін. Бұндай кезде өзіне сенімсіз адамдар жынданады, бірақ сізге емес.

Оның қимылын қайталаңыз

Сөйлесуші адамның қимылын қайталау да адамдардың бір-бірімен тез түсінісіп кетуіне әсер етеді. Адамдардың көбі бұл әдісті өздері байқамай да қолданып жатады. Табиғат заңдылығы бойынша, адамдар өздеріне кішкене болсын ұқсайтын адамдармен тез тіл табысады. Адамның қимылын қайталағаныңыздың арқасында ол адам сіздің қасыңызда өзін жайлы сезінеді.

Бас тарта алмайтын ұсыныс жасаңыз

Бұл да ерекше психологиялық әдіс. Алғашқы кезде адамнан істеуге жеңіл нәрсені сұраңыз. Бірнеше күннен кейін сәл қиындау өтініш айтыңыз. Ереже бойынша ол адам сіздің өтінішіңізді міндетті түрде орындайды.

Сөйлесушіңіздің шаршап тұрғаны сізге жақсы

Шаршап тұрған адам сіздің өтінішіңізді орындауға ойланбастан келіседі. Физикалық тұрғыдан шаршап тұрған адамның психикасы да әлсіз болады. Айтқан өтінішіңізді шұғыл түрде орындамаса да, бір-екі күннен кейін орындайтыны сөзсіз.

Көмек сұраңыз

Сіздің досыңыз болмаса да, кез келген адамнан көмек сұрауға қысылмаңыз. Адамдар көбі өзіне де сіздің көмегіңіз тиюі мүмкін деп сіз сұрағанда, сізге де көмектеседі. Дәл осылай ойлағандықтан ол адам сіз көмек сұрағанда ешқашан бас тартпайды.

Мүмкін емес нәрсені сұраңыз

Сөйлесуші адамыңыздан қолынан келмейтін мүмкін емес нәрсені сұраңыз. Әрине, ол бұл өтінішіңізді орындай алмайды. Орындамайды да. Алайда осы жағдайдан кейін шынайы өтініш айтсаңыз, бір кезде сіздің өтінішіңізді орындамағаны үшін ұялып, осы айтқаныңызды орындайтын болады.

Жүктелуде...