
Оралдық әйел супермаркеттен жарты миллион теңгенің тауарларын ұрлап кеткен, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
AstanaTV сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны азық-түлікті бір ай бойы аз-аздан ұрлап алып отырған. Дүкеннің иесі тауарларының ақшасын шығара алмай, супермаркетте тексеріс жүргізеді.
«Дүкен иесінің арызымен келген полицейлер бақылау камераларын тексерген. Кейін белгілі болғандай, азық-түлікті супермаркет сатушысы ұрлап жүрген екен. Ол көп қарсыласып жатпастан, бар кінәсін мойнына алды. Әйел материалдық жағдайы ауыр болғандықтан, ұрлыққа баруға мәжбүр болғанын айтты», - делінген хабарламада.
Оралдық әйел 1970 жылы туған. Ол дүкеннен 500 мың теңгенің азық-түлігін ұрлап келген.
Дәл қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
https://youtu.be/NZk8uNy7b14