«Онда тұрған не бар?»: Тазабеков Тәлім trend-ті тоқтатуды сұрағандарға жауап берді

«Онда тұрған не бар?»: Тазабеков Тәлім trend-ті тоқтатуды сұрағандарға жауап берді

ашық дереккөзі

 width= "Асыл арнаның" директоры Мұхамеджан Тазабеков "Тәлім trend" бағдарламасын тоқтатуды талап еткендерге жауап берді. Бұл туралы ақын Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Ол оқырмандарынан авторлық бағдарламасынан кімнің не зиян көріп отырғанын сұрады. "Кейбір қаракөздеріміз дабыл қағып, "Мұхамеджан сөйлемесін, Тәлім trend тоқтатылсын" деп даурығатындай кім не бүлдірді? Отбасыңмен отырып кино көре алмай, ұл-қызыңа ойлағаныңды бере алмай, инстаграмнан ютубқа, ютубтан тик-токқа түскен заманда, тағылым іздеген қазақтың "Тәлім trend" тыңдағанынан қандай қасірет көріп тұрмыз?!", - дейді Тазабеков. Ақын жобасының ұлттық арнаның назарына ілініп, жоба деңгейінің жоғарылап жатқанын да айтып өтті. "Тәлім trend" жобамыз жаңа деңгейде байтақ жұртқа ұсынылмақ екен. Онда тұрған не бар? Діни уағыз, шариғи насихат айтқалы жатқанымыз жоқ. Зайырлы қоғамға дәстүрлі құндылықтарды паш етсек, әлемге кеңінен танымал консерваторлық көзқарас пен либералдық ұстанымдардың ықпалын талқылап, қызық деректерді келтірсек, кімге не зиян?!", - дейді ол.

Жүктелуде...