Тез дайындалатын тауық сорпасын пісіруге болмайды - мамандар

Тез дайындалатын тауық сорпасын пісіруге болмайды - мамандар

ашық дереккөзі

 width= Тауық етін пісірудегі кең тараған бірнеше қателік анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Етті, тауық етін және балықты жууға болмайды. Өйткені олардың бетіндегі бактериялар судың микро тамшыларымен бірге барша ас үйге таралады. Бұл туралы Baltijas Balss басылымы баса айтқан.

"Сондықтан мұндай әдеттен арылу керек. Етті қағаз орамалмен сулап, сүртуге болады", - деп жазылған мақалада.
Мұнымен қоса, тауық етін міндетті түрде қызып тұрған табаға салу керек. Өйткені таба қыздырылмаған болса, ет жабысып, талшықтары үзіліп кетеді. Дүкеннен алынған тауықтан сорпа пісірмеген жөн. Бұл үшін үй құсын пайдалану қажет. Тағы бір қателік - қайнаған соң сорпаны төкпеу.
"Етті жууға болмайды. Алайда бірінші қайнаған соң сорпаны төгу керек. Мұның арқасында бактериялардан және еттегі антибиотектерден арыласыз", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, кейбір адамдар тым аз уақыт пісіреді. Тауық тез дайын болады, алайда тым асыққан кезде сальмонелла жұқтыру қаупі бар.    

Жүктелуде...