Карантин енгізіліп, 4 блок-бекет қойылды: екінші толқын басталды ма?
Карантин енгізіліп, 4 блок-бекет қойылды: екінші толқын басталды ма?

- Шекарада біздің бір қызметкеріміз тұр. Солар ана жақтан тізімді дайындайды да, біздің кезекші бөлімге звондап айтады. Осы жерден батальон шығады. Қарсы алады да оларды провизорлық орталыққа апарып жатқызамыз. Екі күнге дейін анализдері дайын болғанша.Транзиттік және азық түлік тасымалдаушылардан басқа көліктерге қалаға кіріп-шығуға рұқсат жоқ. Жолаушылар тасымалы түбегейлі тоқтады. Ал кәмелет жасына толмағандардың кешкі 19:00-ден кейін жалғыз жүрулеріне тыйым салынды. 65-тен асқандар оқшаулану режимін ұстанулары шарт. Ал аумағы 500 шаршы метрден асатын кәсіпкерлік нысандардың жұмысы 16:00-ге дейін қысқартылды. Қазір жағдай мамандардың қатаң бақылауында. Самат Барменбаев, облыстық тауарлар және қызыметтер сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Эпедемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді. Ауырған адамдар емделіп жатыр. Балабақша, мектептерде кезекті топтар жұмысын жалғастырады. Тамақтану объектілері сағат 20:00-ге дейін істейді.Әзірге шектеу шараларының қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Ал, өңірде короновирус инфекциясының екінші толқынына дайындық қызу Петропавлда 200 орынға шақталған инфекциялық аурухана салынып жатыр. Ол биыл халық игілігіне беріледі.