Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті

ашық дереккөзі

 width=

Бүгін таңертең Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Prosports.kz. сайтына сілтеме жасап. Қазақстандықтың қарсыласы аргентиналық Гонсало Кориа болды. Жәнібек жекпе-жекті белсенді бастады. Қарсылас қарсы шабуылда әрекет етуді жөн көрді. Екінші раундта Жәнібек қарсыласына ізбе-із жойқын соққыларын бағыттап, нокаутқа жіберді. Бұл жеңіс Жәнібек Әлімханұлы үшін проф-рингтегі 9-шы болды. Бесінші шайқасында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Сондай-ақ WBC Continental Americas және WBO Global орта салмақтағы титулдарын қорғады.

Жүктелуде...